Қапшағайдағы сарбаздың өлімін Бас әскери прокуратура тергейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайдағы сарбаздың өлімін Бас әскери прокуратура тергейді

Қапшағайдағы сарбаздың өлімін Бас әскери прокуратура тергейді

Қапшғайда мерзімді қызметтегі сарбаздың өлімі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Қыркүйек 2016
  • 558
Фото - Caravan.kz

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 4-бөлігі бойынша ("Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық
қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу") басталды.

"Тергеу барысында әскери бөлім территориясында шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде Оразғалиев пен бөлім командирінің арасында қақтығыс туғаны анықталды. Оның барысында соңғысы Оразғалиевтің бетінен соққы жасаған, осыдан ол талып қалған. Сол күні әскери қызметкерді, яғни осы қылмысты жасады деген күдіктіні ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық-процесстік кодекстің 128-бабының тәртібінде ұстады", — делінген Бас әскери прокуратураның сайтында.

Қазіргі уақытта әскерилердің арасындағы қақтығыстың мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу барысында Бас әскери прокуратурасының бақылауында.


 

Соңғы жаңалықтар