Бекболат Құрбановтың Қапшағай қаласындағы осы 32/363 әскери бөлімінде қызмет қылғанына небары 3 ай ғана болыпты. Шымкенттің тумасы әскери борышын Отарда өтеп, кейін осы Қапшағайға келісім-шарт негізінде қызмет етуге келген. 22 жастағы десант өлерінен бір күн бұрын әкесінің жылдық асына баруы керек болған екен. Алайда ұлын күтіп отырған анаға суыт хабар жетті.
Рахима Қалбиева, марқұмның анасы:
-Ертең келем деп тұрғанбала. Қалай өледі? Мен оны құрылысқа жіберген жоқпын гой. Басшылыгы жоқ жеке жұмысқа жеберген жоқпын ғой. Әскери қызмет деп жіберіп отырмын. Келісім-шарт бойынша жұмыс істеймін деп еді. Күйеуім қайтыс болған онсызда. Арқа сүйерім қалмады ғой.
Марқұм жақындары қазаға әскери бөлім басшыларын кінәлауда. Айтуларынша, Бекболаттың денесінде соққы іздері көр. Сондықтан келісім-шартпен қызмет қылған соқталдай сарбаз әлімжеттік құрбаны болды деп отыр.
Жаңагүл Қалбиева, марқұмның туысы:
-Мүмкін емес. Өйткені суретінде көрініп тұр. Сараптама жасағанда менің күйеу балама көрсеткен, екі бүйрегі езіліп кетіпті баланың. Арқасы қанталап көгерген.
Ал, әскери бөлім басшылары мүлдем басқа пікірде. Яғни, марқұмның құмар ойынға әуес болғанын айтады. Тапқан-таянғанын казиноға салған көрінеді.
Талғат Өзехан, 32/363 әскери бөлім командирінің орынбасары:
-Ол солдат емес. Казармада тұрмайды. Біз сияқты үйден келіп жұмыс істейтін. Әскери бөлімде 1500-ге жуық адам бар. Мен оны жақсы таныдым, араластым деп айта алмаймын.Кейбір ақпараттар бойынша ол ақшадан қысылған. Автоматтарда ойнайтын деген ақпарат бар.
Десе де істің ақ-қарасын енді тергеушілер анықтамақ.
-Осылайша 22 жасар жігіттің өз-өзіне қол жұмсауына туыстарының сенгісі жоқ. Сол үшін марқұм жігіттің анасы шындыққа қайтсемде қол жеткіземін деп отыр. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Әскери бөлімде де тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, тағайындалған сараптаманың қорытыныдысы алдағы 20 күннің ішінде белгілі болмақ.