Қар көшкіні жүріп, 2 адам із-түссіз жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қар көшкіні жүріп, 2 адам із-түссіз жоғалып кетті

Қар көшкіні жүріп, 2 адам із-түссіз жоғалып кетті

Австрияның құтқарушылары елдің батысындағы Форарльберг аймағында орналасқан әйгілі Лех-Цюрс тау шаңғысы курортында қар көшкінінен кейін жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасуда.

  • 26 Желтоқсан 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2700 метр биіктікте болған. Құтқару операциясына тікұшақтар мен кинологтар тобы жұмылдырылды. Полиция куәгер түсірген видеоға сүйене отырып, бастапқыда қар астында он шаңғышы қалып қойғанын хабарлады. Кейін жоғалған сегіз адам табылды, олардың ешқайсысы ауыр зардап шеккен жоқ.

Рождестволық демалыс күндері ауа райының жылы болуына байланысты билік аймақта және көрші Тиролде қар көшкіні қаупі жоғары екенін ескертті.


Соңғы жаңалықтар