Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Болжамға сәйкес, қыстың соңғы күндерінде атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, республика бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.
"Тек республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында 5 градус аяз…5 градус жылы, елдің солтүстік-батысында 3…15 градус аяз, солтүстігінде 5…20 градус аяз, шығысында және орталығында 3…18-ден 13…25 градус аязға дейін, оңтүстігінде 8 градус аяздан…5 градус жылыға, 5 градус аяздан…10 градус жылыға дейін", — делінген хабарламада.