Қара теңізде екі кеме өртеніп жатыр: 11 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қара теңізде екі кеме өртеніп жатыр: 11 адам қаза тапты

Қара теңізде екі кеме өртеніп жатыр: 11 адам қаза тапты

Қара теңіздегі Керчь бұғазы аумағында Танзания жалауы астындағы екі кеме өртеніп жатыр.

  • 22 Қаңтар 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

Алдын ала болжамға қарағанда, олардың біреуінде жарылыс болған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Новороссийск теңіз құтқару-үйлесіру орталығы оқыс оқиға салдарынан 11 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Тағы жеті адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Төтенше қызметтегі дереккөздің айтуынша, кем дегенде 11 адам ажал құшқан.

Сондай-ақ Росморречфлот, "Кандий" кемесінде 17 адам болған, оның жетеуі — Түркияның, сегізі Үндістанның азаматтары. Ал екінші "Маэстро" кемесінде 14 адам, жетеуі -Түркия және жетеуі Үндістан азаматтары.

Өрт бір кемеден екіншісіне сұйық отынды берген кезде техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан шығуы мүмкін, деп мәлім етті жедел қызметтегі дереккөз.


Соңғы жаңалықтар