Жарияланды: 830

Қарабақтағы түрік генералының кіші жүздің қазағы екені рас па? Түркияның қазағы бар шындықты жайып салды

Қарабақтағы түрік генералының кіші жүздің қазағы екені рас па? Түркияның қазағы бар шындықты жайып салды

Түрік Қарулы Күштері элиталық әскерлерінің бригадалық генералы Бахтияр Ерсайдың кіші жүздің қазағы екені, Түркияның тумасы екені туралы әлеуметтік желі шулай жөнелген болатын.

Осыған байланысты Түркиядан көшіп барған Германияның қазағы Өмірхан Алтай оның қазақ емес екенін хабарлады.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы.

"Соңғы бірнеше күннен бері Қазақстанда әлеуметтік желі, Әзірбайжан армиясының Таулы Қарабақтағы шабуыл операциясын басқарған Түрік Қарулы Күштерінің бригадалық генералы Бахтияр Ерсай этникалық қазақ екен, тіпті руы Кіші Жүз екен деп шулап жатыр. Менің өзіме де тікелей қабарласып, бұл мәлімет дұрыспа деп сұраушылар да бар.

Бұл мәлімет негізі дұрыс емес, жалған ақпарат. Генерал Бахтияр Ерсай этникалық қазақ емес. Ол Түркияның шығысындағы Тұнжелі (Tunceli) қаласына қарайтын Чемишгезек (Çemişgezek) деген аудан орталығында өмірге келген қарапайым бір Түрік отбасының баласы.

Әкесі мұғалім болған. Түркия республикасының негізін қалаушы атақты тұлға Мұстафа Кемал Ататүріктің өзі құрған Ауыл институтында оқыған мұғалім әкесі, баласын Ататүрікке және Отанға деген асқан сүйіспеншілікпен өсірген.

Қазіргі таңда Бахтияр Ерсай Түрік армиясының ең білімді де тәжірибелі генералдарының бірі болып саналады.

Әзірбайжан немесе Түркия тарапынан генерал Ерсайдың Таулы Қарабақтағы соғысқа қатысқаны туралы қазірге дейін ешбір мәлімет берілген жоқ.

«Түркияның Құрлық әскерлері жедел дирекциясының бастығы генерал-майор Бахтияр Ерсай бастаған топ Таулы Қарабаққа қарсы әскери қимылдарды ұйымдастыруға тікелей қатысты» және «Ерсай Бакуде орналасқан. Әзірбайжан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Наджмеддин Садигов қызметінен босатылғаннан кейін ол Қарабаққа қарсы операция бойынша Бас штабты жеке өзі басқарады.» - деген ақпаратты Әзірбайжан қорғаныс министрлігі басшылығына жақын, белгілі себептермен өзінің аты-жөнін айтпауды сұраған ресми бір адамнан алдық деп орыстың «ВЗГЛЯД» газеті таратқан.

Бахтияр Ерсай өзі сиякты Ататүріктің Түрік Ұлтшылдығы идеясын бойларына сіңірген жүздеген арнаулы әскерлермен бірге, 2016-шы жылы 15 шілде күні қанды әскери төңкеріс жасамақ болды деп айыпталып, қазіргі таңда Түркияда Фетхуллахшы террор ұйымы (ФЕТӨ) деп аталатын АҚШ-тағы Фетхуллах Гүлен жетекшілік ететін діни-саяси топтың қастандық іс-әрекеттеріне тап болады.

Нәтижесінде Бахтияр Ерсай қанды төңкеріс әрекетінен алдын жаламен жазықсыз сотталып 16 жылға кесіледі. 31 ай түрмеде отырган ол, сәтсіздікке ұшыраған төңкерістен кейін ақталып әскери қызметіне қайта оралады. Кейін генерал деңгейіне көтерілген ол қазіргі уақытта отанына деген адал қызметін абыроймен одан әрі жалғастыруда", - деп жазды Өмірхан Алтай.

 

ҚАТЕ АҚПАРАТ !!! ГЕНЕРАЛ БАХТИЯР ЕРСАЙ ҚАЗАҚ ЕМЕС !!! Соңғы бірнеше күннен бері Қазақстанда әлеуметтік желі,...

Posted by Өмірхан Алтын on Tuesday, November 17, 2020

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін