Қарағанды әйелдер колониясында сұлулық байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды әйелдер колониясында сұлулық байқауы өтті

Қарағанды әйелдер колониясында сұлулық байқауы өтті

Қарағандыдан 50 шақырым жердегі Көксу ауылындағы АК-159/9 әйелдер колониясындағы сотталушылар арасында «Әсемдік аруы - 2016» сұлулық байқауы өтті. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаменті хабарлады.

  • 12 Қазан 2016
  • 599
Фото - Caravan.kz


«Байқауға барлық ниет білдірушілер қатыса алады, костюмді әйелдердің өзі дайындады, ол үшін тігін шеберханасын қолдану мүмкіндігі берілді», — деп атап өтті АК-159/9 мекемесіндегі тәрбие бөлімінің басшысы Надежда Салфетникова.

Әділ қазы алқасының құрамына ҚАЖ қызметкерлері, Көксу ауылдық округының әкімдігі, «Хвилинка» украин этно-мәдени бірлестігі орталығының өкілдері мен Абай мәдениет үйінің мәдени-тынығу қызметі бойынша әдіскері енді. Олар бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Барлығы гүлдермен, естелік сыйлықтармен және мекеме әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапатталды», — деп толықтырды Н.Салфетникова.

null 

null