Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
"Рената Нұрғазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД өкілдері. Бірақ қыздың өзі осы жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Еске сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде жол полиция қызметкерлерінің оны 8 наурызда тоқтатқаны туралы видео пайда болған еді. Видео кадрларынан Ренатаның даусы естіледі. Кейінірек видеода полицейлерге қатысты айтылған балағат сөздер естіледі. Бірақ кейінірек бұл видео Instagram желісінен өшірілген болатын.