Қарағанды аттракционындағы әйелдің өліміне қатысты полиция тергеуді бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды аттракционындағы әйелдің өліміне қатысты полиция тергеуді бастады

Қарағанды аттракционындағы әйелдің өліміне қатысты полиция тергеуді бастады

10 қазанда Қарағанды қаласы полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне  аттракционда арқанмен секірген кезде жазатайым оқиға болғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

  • 11 Қазан 2021
  • 223
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Полиция қызметкерлері тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіру кезінде 32 жастағы әйел жарақат алғанын анықтаған. Әйелді ауруханаға жеткізген. Аталған факті бойынша полиция ҚК 306-бабының 1-бөлігі «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғады, — делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дәрігерлер жәбірленушінің өмірін сақтап қалу үшін барын салған, бірақ оны құтқарып қала алмаған.


Оқиғаға қатысты ҚК 306-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс енді ҚК 306-бабының 3-бөлігі бойынша қайта қаралатын болды.

Осы бап бойынша кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қарағандылық блогер Денис Денскидің ақпараты бойынша, қаза тапқан Евгенияның артында кішкентай балалары мен жолдасы қалған. 

Соңғы жаңалықтар