Қарағанды колледжінде сабақпен қатар қыз ұзату тойы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды  колледжінде сабақпен қатар  қыз ұзату тойы өтті

Қарағанды колледжінде сабақпен қатар қыз ұзату тойы өтті

Тойы мен сабағы қатар жүретін оқу орны! Қарағандыдағы теміржол колледжінде тура сабақ уақытында асханада қыз ұзату тойы жасалған. Бірақ басшық мұндай жағдайдың болмағанын айтып ант-су ішуде. Оқу жылы басында білім басқармасындағылар асханаларды жалға беру доғарылсын деген арнайы бұйрық шығарған екен. Тек бұған колледж басшылары аса көп бас ауыртпаған сыңайлы. Директоры қанша жоққа шығарғанымен, тілшіміз Саят Сабдалының қолында оқу орнындағы думанның бейнежазбасы бар.

  • 7 Қараша 2014
  • 435
Фото - Caravan.kz

Сұрыптау станциясы ауданында ораналасқан мына білім ордасында асхана жалға берілмейді. Колледж жарғысы бойынша асүйде тек нашар қамтылған отбасының балалары тамақтануы тиіс. Мұны асхана қызметкерлері де, тіпті мектеп директорының өзі жатқа айтады.

Кәрібай Іңірбаев, колледж директоры:

-Болмаған нәрсені мен қалай айтамын болды деп. Жас адам емеспін. Сондықтан жалға беру  ресми түрде облыстық қаржы басқармасы арқылы ғана жүргізіледі.Асхананы беруге рұқсат жоқ. Жалпы ереже сондай.

Мұғалімдер камераны көрісімен үрпиісіп, студенттерді маңайымыздан торып тырағайлатып жүр. Өздері де, білмедік, көрмедіктен танбай, дәліздердерде бездең қақты. Дегенмен бір оқушы көргенін айтудан қорыққан жоқ.

Светлана Сидоренко, колледж студенті:

-Тойға неше түрлі жабдықтар әкелгенін көрдім. Қонақтар келді, аппақ әдемі көйлектегі келінді көрдім. Бізде сабақ болып жатқан уақыт еді бұл.

Ал мынау кешегі осы асханада бар сән салтанатымен өткен қыз ұзату тойына дайындық. Музыканттар аспаптарын күйлеп, ас үйде тамақ әзірленіп, залда меркелік дастархан көркемделіп жатыр. Бұлардың барлығы мына қонақтарды күткен екен. Арқан тартып, құда құдағиларды күткен жұрт, мектептен кіріп шығып жатқан оқушыларды елең етпейтін сияқты. Тіпті, көрсем көзім шықсын деп ант су ішкен директордың өзі де бейнекамераның біріне түсіп қалған.


-Колледж директоры мына тұрған білім басқармасына келіп түсінік бергенде де айтқанын танбаған көрінеді. Оның көрмедім, білмедіміне бұлар да құдайдай сеніп маңайларына шаң жуытпай отыр. Айтуыларынша әзірге тексеріс жұмыстары ешқандай ереже бұзушылықты анықтамаған көрінеді. Анықтай қалсақ қатаң шара қолданамыз деп шығырып салды.