Қарағанды облыстық сот төрағасы заңсыз сотталғаннан ресми түрде кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облыстық сот төрағасы заңсыз сотталғаннан ресми түрде кешірім сұрады

Қарағанды облыстық сот төрағасы заңсыз сотталғаннан ресми түрде кешірім сұрады

Қарағанды облыстық сот төрағасы Ермек Серкебаев есірткіні сатып алған, сақтаған деп заңсыз сотталған азаматтан ресми түрде кешірім сұрады, деп ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Маусым 2011
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Облыстық сот ғимаратында Қарағанды облыстық сот төрағасы Е. Серкебаев ресми түрде заңсыз сотталғаны үшін Рүстем Көккөзовтан және оның әкесінен кешірім сұрады», — делінген ведомство баспасөз қызметі бейсенбі күні таратқан хабарда.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, қарағандылық Жоғарғы сотта ақталып шықты. «2011 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасымен Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының 2009 жылғы 17 қыркүйектегі сот үкімімен Рустем Көккөзовты есірткі заты-героинді өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде (2,04 гр.) заңсыз иемденіп алғаны және сақтағаны үшін кінәлі деп табқан және Қазақстан Республикасы ҚК-ның 259 бабының 1-1 б. бойынша, мүлкі тәркіленіп, жалпы режимдегі түзету колониясында 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жөніндегі қылмыстық істің материалын зерделеп, қылмыстық істің оқиғасының жоқтығына байланысты Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысын және айыптау үкімінің күшін жойған. Осыған байланысты сот өндірісінде іс қысқартылған», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес, қылмыстық процесті жүргізуші адам, адамды ақтау туралы шешім қабылдаған кезде одан ресми түрде кешірім сұрауға міндетті.

Бүгін Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ермек Серікбаев заңсыз сотталған Рүстем Көккөзов және оның әкесінен ресми түрде кешірім сұрады.

Сонымен қатар облыс сот төрағасы Рүстем Көккөзовке бұзылған құқығын қалпына келтіру және келтірілген зиянды өтеу үшін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсініктеме бере отырып, Рүстемның төзімділігі мен мықты рухының арқасында БАҚ арқылы әділет баспалдағына көтерілгендігін ықыласпен аттап өтті.

Сондай-ақ, оның заңсыз сотталуына жол берген судьяға қатысты шара қолданылғандығы жөнінде айтып өтті.

«Рүстем Көккөзовтың әкесі-Октябрь Құлқанұлы сот жүйесінде әділет таразысының басым түскендігі, адам жанының арашасы сот саласының ұжымына алғыс білдіре отырып, бұндай келеңсіз жайтардың қайталанбауына өтінішін білдірді», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар