Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы абақтыдағы соққыға жығу оқиғалары туралы ақпаратты жоққа шығарады (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы абақтыдағы соққыға жығу оқиғалары туралы ақпаратты жоққа шығарады (толықтырылған нұсқа)

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы абақтыдағы соққыға жығу оқиғалары туралы ақпаратты жоққа шығарады (толықтырылған нұсқа)

Қарағанды. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы (ҚАЖКБ) ) Қарағандының төтенше тәртіп режиміндегі колониясында жаза мерзімін өтеушілердің соққыға жығылатыны жөнінде ақпаратты теріске шығарып отыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы бастығының орынбасары Марат Абдуллин хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 605
Фото - Caravan.kz

«Бұл адамдар аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айрылып, енді мерзімдерін тәртіп бойынша өтегілері келмей, режимнің жеңілдетілуін көздеп отыр», — деді М. Абдулин.

Оның сөздеріне сүйенсек, бірнеше сотталған » басқаларды АК 159/5 мекемесінде орныққан тәртіпті орындамауға шақырған. Сондай-ақ, мекеме территориясын жинамауға, тексеруге шықпауды, таңертеңгі, түскі, кешкі асқа келмеуге үндеген. Олармен мәселені шешу үшін, сотталғандар әкімшілік корпусқа шақырылды. Алайда, онда олар ерегесіп, мекеме қызметкерлеріне қоқан-лоққы көрсетті. Содан кейін бес адам айып қапасына қамалды».

М Абдуллин хабарлағанындай, кеше тағы да бес адам тура сондай талаптарды қойып, іске асырмақшы болған. Оларды да айыптық қапасқа тоғытуға мәжбүр болдық. Олардың біреуі де соққыға жығылған жоқ, аштық жариялаған жоқ және денелеріне жарақат жасаған жоқ».

«Алайда сотталғандардың туған-туыстары тарапынан колонияда мерзімдерін өтеп жүрген ағайындарымызды құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұрып сооққыға жықты, сондықтан, олар наразылықтарын білдіруге мәжбүр болды деген қауесет таратылып жүр», — деді М. Абдулин.

Оның сөздері бойынша сотталғандар Семей, Қарағанды. Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы тұрғындары.

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы бастығының орынбасары Сансызбай Ибажановтың хабарлауынша, «болған оқиға күнделікті күйбеңге жатады. Мен АК 159/5 мекемесінде ешбір өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы болған жоқ, Ал осы оқиғаға қатысты шуды жергілікті БАҚ-тар көтеіп жүр». Ол сондай-ақ, аталған «шудың шығуына себепші болған» жергілікті АРТ телеарнасын сотқа бергелі отырғанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті