Қарағанды облысында 300-ден астам нысан заңдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 300-ден астам нысан заңдастырылды

Қарағанды облысында 300-ден астам нысан заңдастырылды

Қарағанды облысында мүлікті заңдастыруға 800-ден астам өтініш түсті. Қазір 4,5 млрд. теңге сомасына 300-ден астам нысан заңдастырылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Ақпан 2016
  • 340
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде аймақта 10,1 млрд. теңгенің мүлкін заңдастыру бойынша 810 өтініш келіп түсті.  Олардың 509 қайтарылды, 295-сі қолдауға ие болды. Жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгені құрайды. Жалпы 325 нысан, соның ішінде 31 — тұрғын үй, 294 — тұрғын үй емес нысаны заңдастырылды», — делінген хабарламада.

Қарағандыда  — 146, Жезқазғанда  — 43, Теміртауда — 36, Бұқар Жырау ауданында — 17, Абай ауданында 13 нысан заңдастырылды.


Облыста қалалар мен аудандар әкімшілігінің жанынан мүлікті заңдастыру бойынша 18 комиссия мен 21 өтініштерді қабылдау пункті жұмыс жасайды.