Қарағанды облысында 701 тонна қара май қолды болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 701 тонна қара май қолды болды

Қарағанды облысында 701 тонна қара май қолды болды

Қарағанды. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында 701 тонна қара май қолды болды. Бұл туралы агенттікке Қарағанды облысының қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 5 Қараша 2007
  • 380
Фото - Caravan.kz

Облыстық сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2007 жылдың 11 қазанында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ парасил цехтарының бірінде алдын-ала уағдаласқан үш қызметкер 12 теміржол цистернасынан сұйық отын құйып алынды деген құжаттарды қолдан жасаған. Заңсыз құжатпен отын кәсіпорын аумағынан цистерналар бос деген желеумен шығарылып, Жаңа Ауыл станциясына жөнелтілді. Шығын көлемі 18 402 140 теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Цех қызметкерлері қылмыстың жауапкершілікке тартылып, оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 176 бабының 3 тармағы бойынша айып тағылуда ( ұйымдасқан топпен үлкен көлемде бөтен мүлікті ұрлап иемдену ). Тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті