Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, прогрессивті ылғалдықты сақтау технологиясы бойынша 130 мың гектар егіледі, бұл өткен жылғыдан 2 есеге артық.Жазғы егіндіктерге 413,2 мың гектар дайындалды. Мамандардың айтуынша бүгінгі кезде 88 мың тонна тұқым бар, бұл көлем облыстағы ауыл шаруашылық құрылымдарын толық қамтамасыз етуге жетеді.
Республикалық бюджеттен облысқа 50 млн теңге бөлінді. Бұл 2,1 мың тонна көлемінде жаңартылатын элиталық бидай сорты құнын арзандатып сатуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, алдағы жылдың егіндік жұмыстарына облыстық бюджеттен бидай тұқымының 1және 2 репродукциясын арзандатуға 70 млн теңге бөлінді. Тұқым шаруашылықтары бұл қаржыға жоғары сапалы 5,2 мың тонна тұқым сататын болады.
Сонымен қатар, көктемгі егіндік жұмыстары мен астықты жинау жұмыстарына қажетті жанар -жағар майды арзандату қарастырылған. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 695 млн теңге бөлінді. Бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 1,5 есеге артық. Республикалық бюджеттен бөлінген субсидийлер бір гектар бидай дақылдарына 660 теңге, 2 гектар жемшөп дақылдарына 805 теңге, 1 гектар көкөніс дақылдарына 12 мың теңге және 1 гектар картопқа 2 мың теңге мөлшерімен есептелген. Соның ішінде көкөніс пен картопқа бірінше рет субсидилер бөлініп отыр.
«Облыста көктемгі егіндік жұмыстарын уақтылы және сапалы түрде өткізу үшін барлық жағдай жасалған», — деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті