Қарағанды облысында 9 жасар баланы өлтірген ауыл тұрғыны қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 9 жасар баланы өлтірген ауыл тұрғыны қамалды

Қарағанды облысында 9 жасар баланы өлтірген ауыл тұрғыны қамалды

Қарағанды облысы Шет ауданының Ағадыр кентінде 9 жасар ұл баланы өлтірген 21 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінен. 

  • 26 Қазан 2015
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Қарағанды облысы ІІД криминалдық полиция басқармасы мен Шет ауданы ІІБ қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Шет ауданы Ағадыр кентінің 21 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған жігіт 24 қазанда 9 жасар ұл баланы өлтіруіне араларындағы бас араздық себеп болғанын айтқан», — делінген хабарламада.


Ер адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, сот алды тергеу жүргізілуде.