Қарағанды облысында әйел мен қызының мүрделері табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында әйел мен қызының мүрделері табылды

Қарағанды облысында әйел мен қызының мүрделері табылды

Қарағанды облысында полицейлер 46 жастағы әйел мен оның кәмелеттік жасқа жетпеген қызының өлімінің мән-жайларын анықтау үстінде.

  • 17 Маусым 2015
  • 367
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Шет ауданындағы кенттердің бірінде тұратын 1969 жылы дүниеге келген әйел мен оның кәмелеттік жасқа жетпеген қызының мүрделерін табу фактісі бойынша сол алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Материал сот алдындағы тергеу тізілімінде ҚР ҚК-нің 99 бабының 2 бөлімімен (Адам өлтіру) тіркелген», — делінген хабарламада.

Осы арада әйелдің әуелі өз қызын өлтіргені, содан кейін өзіне қол жұмсаған деген де болжам бар.