Қарағанды облысында браконьерлер табиғат қорғаушылардың көлігін өртеп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында браконьерлер табиғат қорғаушылардың көлігін өртеп кетті

Қарағанды облысында браконьерлер табиғат қорғаушылардың көлігін өртеп кетті

Алдымен белгісіз біреулер табиғат қорықшыларына қарсы оқ жаудырған, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы. Бұл туралы белгілі кәсіпк

  • 8 Маусым 2017
  • 805
Фото - Caravan.kz

Алдымен белгісіз біреулер табиғат қорықшыларына қарсы оқ жаудырған, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл туралы белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай әлеуметтік желідегі өз парақшасында былай деп жазды:

"Бүгін таңертең «Ақбөкен» қоғамдық табиғат қорығында инспекторлық қызмет бабымен жүрген  қорықшылар мен браконьерлер арасында қақтығыс болды. Қаскөйлер бір экипажға қарудан оқ жаудырып, соңынан біздің көлікке қарай белгісіз зат лақтырды.Салдарынан көлік отқа оранды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік тұтастай жанып кетті. Өкінішке орай видео мен бейне тіркегіш өртеніп кетті. Браконьерлердің көлігінде мемлекеттік нөмір болған жоқ. Себебі браконьерлер нөмірмен дала кезіп жүрмейді. Белгілісі із суытқан көлік сұр түсті Лэнд Крузер. Қазір өз тарапымыздан тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.Полицияға да шағым түсіреміз",- деді Марғұлан Сейсембай.

Кәсіпкердің айтуынша, көлік қорықшыларға тиесілі. Ал оқиға Қарағанды облысының Ұлытау ауданында болған.


Первые потери. Уважаемые друзья, Сегодня утром на территории ОПЗ Ақбөкен, во время несения инспекторской службы, по утверждениям инспекторов произошло столкновение с браконьерами. Был обстрелян один экипаж. После чего из преследуемой машины кинули неизвестный предмет в нашу машину, после чего машина вспыхнула. Люди не пострадали за исключением формы одежды. Машина сгорела полностью. Видео прилагается. К сожалению видео регистратор и камера сгорели. Люди в первый момент думали о себе. Потом уже стали выхватывать вещи. Номеров на машине браконьеров не было. Дело в том что браконьеры с номерами не ездят по степи. Пока только известно что это был Лэнд Крузер серого цвета,105 кузов. Тюнингованый для бездорожья. По данному инциденту, мы проводим собственное расследование, а также подадим заявление в полицию. рассматриваются все версии произошедшего. P.S. Я буду держать вас в курсе событий.

Posted by Маргулан Сейсембай on Wednesday, June 7, 2017

Соңғы жаңалықтар