Қарағанды облысында екі адам бүлдіршіннің көз алдында қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында екі адам бүлдіршіннің көз алдында қаза тапты

Қарағанды облысында екі адам бүлдіршіннің көз алдында қаза тапты

Теміртауда екі адам көмірқышқыл газынан уланып, қаза тапты. Оқиға 21 маусымда гаражда болған. 

  • 26 Маусым 2017
  • 274
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жергілікті Etemirtau.kz басылымына сілтеме жасап, Sputnik-Қазақстан хабарлады. 

"Негізгі себеп, екі адам жер қоймаға түсіп, ескі картоптан тазартпақ болады. Картоп шіріген кезде көмірқышқыл газын бөлетіні белгілі. Тиісінше, погреб көлемінде көмірқышқыл газы пайда болған, яғни оттегі жоқ болған. Жерқоймаға түскен адамдарға ауа жетпей, тұншығып қаза тапқан", — деп түсіндірді Теміртау төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының басшысы Арман Алпысбаев. 

Бірінші болып  жерқоймаға түскен ер адам есінен танып қалған. Ал әйел адам оған көмектесемін деп, жерқойма есігіне кептеліп қалған болса керек. Мұның бәрі бес жасар бүлдіршіннің көз алдында болған. Туысқанының денесін көріп, бала көмек шақырыпты.


Картоп шіріген кезде көмірқышқыл газын бөліп, оттегін түгелдей жұтып қояды. Бөлмеде көмірқышқыл газы бар-жоғын тексеру үшін, жанып тұрған қағазды тастау керек – от бірден өшіп қалса, бөлмеге кіруге болмайды деген сөз. 

Соңғы жаңалықтар