Қарағанды облысында Land Cruiser Prado мінген полицейлер жол апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында Land Cruiser Prado мінген полицейлер жол апатына ұшырады

Қарағанды облысында Land Cruiser Prado мінген полицейлер жол апатына ұшырады

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері жол апатына ұшырады.

  • 19 Шiлде 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 


"Алдын ала мәлімет бойынша, 18 шілдеде "Қарағанды-Ботақара" автожолында "Шансиман" жүк көлігінің жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, полиция қызметкерлері отырған Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соғысып қалған", — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апаты салдарынан арнайы көлікте отырған полицияның екі қызметкері жарақат алып, Қарағандының орталық ауруханасына жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.