Алайда, ауыл тұрғындары қырылған мал саны 70-ке таяп қалғанын айтады. Олардың дені бұзау, торпақ пен ұсақ мал. Аузы мұрны, желіндері мен аша тұяқтың арасы іріңдеген мал жүруден қалады екен. Мамандар бұл белгілер пастереллез ауруына ұқсайтынын айтады. Дерттің су тасқыны, Бетпақдалада қырылған киіктерден жұғуы мүмкін деген болжам бар. Өйткені жұт болған Қостанай облысы Қаракеңгір ауылынан 150 шақырым жерде ғана. Қазір, ауру малдардан алынған қан сараптамаға жіберіліп, ауылда каратин жарияланған.
Қайырбек Тұрсынбеков, Қарағанды облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
-Ауылдық округтен, малдың әкелуі шығарылуы әкелінуі, шығарылуы тоқтатылды. Аурудың алғашқы белгілері маусым айының екісі күні байқалған. Бүгінгі күдіктеніп отырғанымыз ол инфекциялық аурулар. Себебі биылғы жылғы туған төлдердің арасында пастерелиоз ауруына ұқсас белгілер қатты байқалады.