«Абай ауданына қарасты «Топар-Жартас» автожолында полиция қызметкері 26 жастағы қызды көлігімен басып кетті. Жол апаты салдарынан қыз қаза тапты», — делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция қызметкері уақытша оқшаулау орнына қамалды.
«Тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды», — делінген ведомство ақпаратында.