Қарағанды облысында қызметтік жалған құжат жасағаны үшін Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің маманы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында қызметтік жалған құжат жасағаны үшін Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің маманы сотталды

Қарағанды облысында қызметтік жалған құжат жасағаны үшін Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің маманы сотталды

Қарағанды. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтоғай ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижелеріне орай Ақтоғай аудандық Әділет басқармасының №2 Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ләззат Тоқшыманова 2007 жылдың 10-қаңтарында ерлі-зайыпты Кузнецовтар арасындағы некені жалған бұзған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының прокуроры Хайролла Айтбеков хабарлады.

  • 22 Ақпан 2008
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Неке зайыбының хабарынсыз және келісімінсіз, «Неке және отбасы туралы» ҚР заңының 16-бабының талаптарын бұза отырып бұзылған», — деп түсіндірді Х. Айтбеков.

Х. Айтбеков атап көрсеткендей, өткен жылдың күзінде аталмыш оқиға бойынша Л. Тоқшымановаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол кейіннен ҚР ҚК 314 бабының 1 тармағына орайластырылған (қызметтік жалған құжат жасау).

Прокуратура хабарлағандай, Ақтоғай ауданының №2 аудандық соты Л. Тоқшыманованы ҚР ҚК 314 бабы 1 тармағында қарастырылған сыбайлас жемқорлық категориясына жататын қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты және 109 200 теңге көлеміндегі айыппұл төлеу түріндегі жаза белгіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті