Қарағанды облысында тестке кірер кезде оқушыларды шешіндіріп тексерген - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында тестке кірер кезде оқушыларды шешіндіріп тексерген

Қарағанды облысында тестке кірер кезде оқушыларды шешіндіріп тексерген

Ал Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында өткен Бірыңғай ұлттық тестілеуден оқушылардың 30 пайызға жуығы сүрінген. Ата-аналар мен оқушылар тестілеу науқаны кезінде білім министрлігінен келгендер балаларға психологиялық қысым көрсетті дейді. Сынақты ұйымдастырғандар да тексерушілердің ережеге қайшы қылықтар жасағанын жасырмайды. Басшылықтарына да арызданғанымен шара қолданамыз деумен шектеліпті. Ал қажет баллды жинай алмай қалғандар наразылық білдіруде. 

  • 6 Маусым 2014
  • 260
Фото - Caravan.kz

-Мен қалай жыламаймын айтыңызшы?  38 балл алдым,  мектепте тапсырып жүргенде 100-ден асырып алатынмын. 38 баллмен қайда барамыз айтыңызшы?  11 жыл босқа оқыдым ба?

Бұл — үміті мен үрейі басым сәтті бастан өткізген оқушылардың жанайқайы. Жоғарғы оқу орнына түссем деген бала арманына балта шабылған қаракөздер бәрі де. Ата-ананың жағдайы атпаса да түсінікті. Жанын қоярға жер таппаған жұрт шенділердің шаужайына жармасқан. 

-Мен үлгере алмай қалдым осындай себептермен деп жазып беріңіздер. Қайта тест тапсыру біздің құзырымызда емес. Бірақ біз қолымыздан келгенше сіздердің болашақтарыңызды көрейік.

Ұйымдастырушылар да, оқушылар мен ата ана да, Астанадан келген тексерушілердің тірлігінен тіксінген. Айтуларынша, әр баланы темір іздегіштен өткізгесін, әлгілер қосымша тінтіп ішкимнің тысын ашып қарауға дейін барыпты. Онымен қоймай, тест уақытында оқушының ойын бөліп,  желкесінен төніп тұрған.

Арайлым Жарылқасынова түлек :

— Жалаңаш өтіңдер дейді. Біз қалай өтеміз? Бір қыздың кеудесінде тағылған әшекей үшін  юбкасын шештірді. 1:15-те ҰБТ біту керек деп  қолымыздан тартып алып жүрді. Белгілей беріңдер біздің өміріміз емес деді.

Ғабдрахман Омаров, Жаңарқа ауданының әкімі:

-Өзіні құзырын асырған сияқты.  Оған департамент  басшылығы тарапынан шара қолданылады деп сенемін.

Бірақ, аудандық комиссия мүшелері өтпей қалған оқушылардың білім деңгейі төмен болғанын айтады. Содан ауданның орта көрсеткіші облыс бойынша ең төмен 59 балды құрап, жерге қарадық деп отыр. Ал тексеріс кезінде балалардан 103 шпаргалка, 32 ұялы телефон мен бірнеше калькулятор табылған.  

-Осылайша аудан бойынша БҰТ тапсырған 219 оқушының алпысы ең төмен балды жинай алмаған. Келесі күнгі аппеляцияға 38-і тапсырғанымен, оның біреуі білімін дәлелдеп шыққан. Наразы болаған ата аналар, министрліктен келген өкілдің тым қатал әрекеттерінің кесірінен бауыр еті балаларымыз ЖОО түсе алмайтын болды деп қынжылады. Өйткені екінші мүмкіндікті оларға ешкім бергелі отырған жоқ.