Қарағанды облысында үйлері суға кеткен жұрт облыс әкімінен көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында үйлері суға кеткен жұрт облыс әкімінен көмек сұрады

Қарағанды облысында үйлері суға кеткен жұрт облыс әкімінен көмек сұрады

Қарағанды облысында тасқынның беті қайтар емес. Бүгін тағы Ұлытаудағы Сарысу өзені арнасынан шығып Жыланды ауылын басып жатыр. Ресми ақпарат бойынша, онда 6 үй суда қалған. Алайда тұрғындар 50-ге тарта үйді тасқын шайып, 100 бас мал қырылғанын және көмек қолын созып жатқан ешкімнің жоғын айтып, шырылдап отыр.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

-Мұзды тессе былай кетеді. Ана жақтағы үйлер суға батпаушы еді онда. Мұндай техниканың барлығы сол күні келіп мұзды тессе мұндай жағдайға ұшырамаушы едік.

Ал мынау – Қарақаралы ауданының қазіргі жағдайы. Бүгін мұнда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков келді. Ондағы 7 күн бойы суда жатқан Тоқтар ауылына өңір басшысының алдында техника мен жұмыс күші де шұғыл жетіп, аяқ астынан қызу жұмыстар басталып кеткен. Кеше жеткен техника бір аптадан бері ауылға су кіріп жатқан жерге шұғыл түрде бөгет те жасап қойыпты. Жұрт сол бөгеттің апаттан бұрын жасалуын талап еткенде тыңдар құлақ болмағанын айтады. Облыс әкімі апат шығындары есептелетінін жеткізді. Елдің айтқанынан гөрі жергілікті басшылардың есебіне сенген Нұрмұхамбет Әбдібеков «қажетті шаралардың барлығын жасағандарға» оң баға берді.