Қарағанды облысында үш жаңа өндіріс іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында үш жаңа өндіріс іске қосылды

Қарағанды облысында үш жаңа өндіріс іске қосылды

Қарағанды облысында мемлекеттің экономиканы үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында 3 инвестициялық жоба іске қосылды, деп облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Маусым 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Осы және басқа да бүгін іске қосылған жобалар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жасалған тамаша тарту болады деп есептеймін», — деді облыс әкімі Серік Ахметов жобаларды іске қосу рәсімі кезінде.

«Бірінші жоба — «PROLUX KZ LTD» ЖШС жарық диодты шамдар өндірісі.Жобаның жалпы құны — 350 млн. теңге, жобалық қуаттылығы жылына 24 мың дана. 20 жұмыс орны ашылды. Жобаны жүзеге асыру жарықдиодты шамдар өндірісіне бағытталған. Оларды қолдану электр энергиясын едәуір үнемдеуге, үнемі жарық пайдаланылатын өндірістер өнімінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ көшелерді, жолдарды, көпірлерді, темір жол платформаларын, квартал ішін, өндірістік және қойма ғимараттарын, жылыжайларды, кеңселер мен ТКШ жарықтандыруға пайдаланылатын болады», — делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Келесі іске қосылған нысан — «Мерей» медициналық фирмасы» ЖШС бір реттік дайын медициналық бұйымдардың өндірісі.

Қазақстанда медициналық мекемелердің жұмысында бір реттік бұйымдар (медициналық маскалар, бахилалар) нарыққа енді ғана еніп жатыр. Қазіргі күні бұл салада отандық өнімдер жоқтың қасы деуге болады. Негізгі жеткізушілер — Қытай, Ресей мен Украина. Сол себепті мұндай өндірісті ұйымдастыру тек Қарағанды облысының ғана емес, республиканың басқа да өңірлерінің сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл жобаның құны 58млн. теңге, жобалық қуаттылығы – жылына 24,7 млн. бұйым бірлігі.

Осы күні тұсауы кесілген тағы бір жоба — «Айқын Жол» ЖШС металл кеңірдектелген құрылғылардың өндірісі. Оны құруға 220млн. теңге инвестиция жұмсалды, жобалық қуаттылыққа шыққан соң жылына 3 мың тонна өнім шығаратын болады.

«Біздің облысымыз үшін мұндай инновациялық өндірістің құрылуы өте маңызды. Себебі, ең алдымен, аталмыш өнімді әзірлеудің технологиясы біздің республикамыз үшін тың жаңалық болып табылады. Әрі осындай кәсіпорынның біздің облысымызда ашылып отырғаны да қуанышты жағдай», — деді облыс әкімі митингіде сөйлеген сөзінде. «Кәсіпорын 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал, оның өнімі қазірдің өзінде сұранысқа ие деп толық сеніммен айта аламыз. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының екі учаскесінің құрылысына келісім-шарттардың жасалуы — осы сөзімізге дәлел бол алады», — деді С. Ахметов осы жобаны іске қосу құрметіне арналған митингіде сөйлеген сөзінде.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтерінше, бүгінге Қарағанды облысынан еліміздің индустриалдандыру картасына 5 мыңнан асатын жаңа жұмыс орны ашылатын, Т300 млрд сома болатын 42 инвестициялық жоба енгізілген. Олардың 9 жобасы 2010-шы жылы іске асты. 2011-ші жылы жалпы құны Т47,2 млрд болатын, 1900 жаңа жұмыс орнын ашатын 24 жоба іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар