Қарағанды облысында жарылғыштан саусақтары жұлынып кеткен сарбаз тілге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жарылғыштан саусақтары жұлынып кеткен сарбаз тілге келді

Қарағанды облысында жарылғыштан саусақтары жұлынып кеткен сарбаз тілге келді

Қарағандыда қолындағы граната жарылып, ауруханаға түскен сарбаз есін жиды. 

  • 31 Шiлде 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Бұған дейін сарбаздың қолында граната жарылды деген ақпарат тараған еді. «Орталық» Ұлттық ұланның баспасөз қызметі Қарағандыда сарбаздың қолында жарылған заттың граната болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Ол заттың не екенін ешкім білмейді.

«Жарылған зат туралы ештеңе айта алмаймыз. Бәрін тергеу көрсетеді. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған», – дейді ҚР Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің басшысы Ринат Омаров.

Қайғылы оқиға 29 шілде күні Қарабас ауылындағы әскери полигонда болды. Асан Сембіұлы шөп жұлып жүріп белгісіз зат тауып алады. Оны ұстай бергенде жарылып кеткен. Соның салдарынан оның саусақтары, алақаны жұлынып, беті мен мойны күйді. Науқас жансақтау бөлімінен палатаға шықты.


Жарылған заттың не екені тергеуден соң белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар