Қарағанды облысында жер сілкініп тұрғындарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жер сілкініп тұрғындарды шошытты

Қарағанды облысында жер сілкініп тұрғындарды шошытты

Магнитудасы 3 жарым балл болатын дүмпу Қаражал қаласының маңында тіркелген.

  • 7 Сәуiр 2015
  • 225
Фото - Caravan.kz

Қарағанды өңірі үшін таңсық жағдай сәуірдің бесіне қараған түні сағат 12-ден асқанда тіркелген. Бұл облыс орталығынан шамамен 270 шақырым жерде. Төтенше жағдай қызметінің мәлімдеуінше өңірдегі тіршілікке қауіп төнердей ештеңе болмаған. Ал Қарағандыда соңғы рет өткен жылдың 23 маусымында қуаты 5 баллға жуықтайтын жер сілкінісі болған еді. Ол кезде мамандар 40 шақырым тереңдіктегі дүмпу болғанын айтқан. Жазық далада зілзаланың жиілеуін тұрғындар өндіріс орындарының көбеюімен байланыстырады.