Қарағанды облысында жер туралы заңдарды бұзған пайдаланушыларға айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жер туралы заңдарды бұзған пайдаланушыларға айыппұл салынды

Қарағанды облысында жер туралы заңдарды бұзған пайдаланушыларға айыппұл салынды

Қарағанды облысында жыл басынан бері жер туралы заңдарды бұзу фактісіне қатысты 31 тексеру жүргізілді.

  • 18 Тамыз 2014
  • 452
Фото - Caravan.kz

   Тексеру нәтижесі бойынша, 45 заң бұзушылық анықталып, 41 әкімшілік іс қозғалды. Жер қойнауын пайдаланушыларға заңды белшеден басқаны үшін 5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, дүйсенбі күні облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков жерді пайдалануды бақылау мен қорғау мәселесі жөнінде жиын өткізді.

2013 жыл мен 2014 жылдың І тоқсанында Қарағанды облысы аумағында 1076 нысан тексерілді. Нәтижесінде 459 әкімшілік заң бұзушылық анықталып, 32,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жергілікті атқару органдарында 165 тексеру жүргізіліп, заңсыз қабылданған 127 шешім әшкереленген. Лауазымды тұлғалардың үстінен 52 әкімшілік іс қозғалып, 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Тағы 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жалға берілген жерлердің дер кезінде қайтарылуын бақылау жоқтығы анықталды.


Кеңес соңында облыс әкімі қалалар мен аудан әкімдеріне, облыстық басқарма жетекшілеріне жер қатынастары саласындағы жұмысты жандандыруды, жергілікті атқару органдары шығарған шешімдердің орындалуын қадағалауды күшейтуді тапсырды.