«Жер заңнамасын орындалуына байланысты 558 тексеру жүргізіліп, 1340 жер учаскесі зерттелді. Әкімшіліктің жауапқа 230 адам тартылып, 4 млн 794 мың теңгеге айыппұл салынды. Бүгінгі күні жер учаскелерін тәркілеу жөнінде сотқа 302 шағым түсірілді. Мақсатты түрде жерлерді пайдалану жөнінде 259 нұсқама енгізіліп, оның 156 бүгінгі күні жүзеге асырылды», — деп хабарлады А. Тоғаев.
Оның сөздері бойынша, тексеру кезінде Қарағанды облысында 10 млн гектарды құрайтын ауыл шаруашылық жерлерін мақсатты әрі орынды пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
«Облыста жер учаскелерін пайдаланбайтын немесе оны заң бұзушылықтармен пайдаланған 922 шаруашылық иесі анықталды. Жер орынды пайдаланылмаған жағдайда жер мәжбүрлеп қайтып алынатыны жөнінде 725 жер пайдаланушыға ескерту жіберілді», — деп хабарлады А. Тоғаев.
Сонымен қатар, инспекторлар Қарағанды облысының елдімекендерінде жеке баспана және басқа да коммерциялық нысандар құрылысына арналған 412 пайдаланбаған жер учаскесін анықтады.
«Қарағандыда тексеру қорытындылары бойынша қараусыз қалған мүлік ретінде 365 учаскесі тіркеуге алынып, олардың 95 қатысты жер учаскелерін орынды пайдалану жөнінде ескертулер жасалды», — деп атап өтті А. Тоғаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті