Қарағанды облысында жол апаты болды - қайтыс болғандар бар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол апаты болды - қайтыс болғандар бар

Қарағанды облысында жол апаты болды - қайтыс болғандар бар

Қарағанды облысының Нұра ауданында Жараспай – Нұра тасжолында жол апаты болды.

  • 30 Маусым 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"ПАТРИОТ" Telegram-арнасының ақпараты бойынша, екі көліктің соқтығысуы салдарынан жеті бала зардап шегіп, екі жүргізуші көз жұмған.

Полицияның алдын ала мәліметіне сәйкес, жол апатына 58 жастағы Honda Odyssey жүргізушісі кінәлі болған. Ол қарсы жолға шығып кетіп рөлінде 25 жастағы жүргізуші отырған Volkswagen Golf-пен соқтығысты.

Күдікті бірден мерт болды, ал Volkswagen Golf жүргізушісі ауруханада жан тапсырды.


Қарағанды облысының полиция департаменті Volkswagen Golf жолаушылары — 37 жастағы және 33 жастағы ерлі-зайыпты, олардың жеті баласы (11, 8, 7, 6, 5 3 және 2 жаста) зардап шеккенін хабарлады. Сондай-ақ әйелдің 19 жастағы інісі ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар