Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мен 3 баласы көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мен 3 баласы көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мен 3 баласы көз жұмды

Жол-көлік оқиғасында бүкіл отбасы дерлік қаза тапты. Күйеуі мен әйелі және олардың үш баласы. Бір бала аман қалды, ол қазір ауруханада жатыр.

  • 27 Тамыз 2022
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

26 тамыз күні сағат 23:00 шамасында Гүлшат кентінен 23 шақырым жердегі Балқаш – Приозерск автожолында Приозерск бағытында Opel Vectra автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі қайта жаңартылып жатқан жабық жолға шығып кетіп (ескерту белгілері бар) HOWO автокөлігімен соқтығысқан. Оны 25 жастағы жігіт жүргізіп келе жатқан, — дейді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зарубаев.


Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның 30 жастағы әйелі, олардың үш кәмелетке толмаған баласы оқиға орнында көз жұмды, бір бала ауруханаға жеткізілді.

Сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар