Жарияланды: 390

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол апаты Қарағанды-Қарқаралы тас жолының 103-ші шақырымында болып, "Урал-375" және "Фольксваген-Гольф" автокөліктері соқтығысып қалған. Атап салдарынан "Фольксваген" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында жан тәслім етті. Сол күні Алматы облысында Талдықорған-Үштөбе автожолының 20-шы шақырымында "ВАЗ-2109" және "Мицубиси-Галант" автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан бір адам мерт болып, жеті адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Апаттан зардап шеккендердің арасында 6 жасар бала бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін