Қарағанды облысында жүздеген көлік қар құрсауында қалып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жүздеген көлік қар құрсауында қалып қойды

Қарағанды облысында жүздеген көлік қар құрсауында қалып қойды

Соңғы екі күннен бері орталық өңір ақтүтек бораннан көз ашпай жатыр. Салдарынан еліміздің 4 облысында  тас жолдар жабылды. Бір ғана Қарағанды мен Астана арасындағы күре жолда жүздеген көлік қар құрсауынан шыға алмай тұр.

  • 21 Желтоқсан 2016
  • 756
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Осакаровка ауылы мен Молодежный кенттері маңында қарға көміліп қалған 4 көліктен 13 адам  құтқарылған. Көз аштырмас ақтүтек боранда көліктерін тастап кеткісі келмей, қардан алып шығуға тырысқандар да жетерлік. Қазір құтқарушылар мен «Қазавтожол» жұмысшылары көлік жолдарын тазалап жатыр. Ал Астана-Қарағанды трассасында кептелісте тұрған көліктерді полиция маңайдағы елді-мекендерге жеткізуде. Құтқарушылардың айтуынша, жолда қалғандардың көбі жағдайды біле тұра жолға шыққандар.

-Ауа райының бұзылуына қарамастан, барлық смс хабарлардың жіберілгеніне қарамастан көбіне адамдар оған құлақ аспай жатады. Сондықтан да барлық тұрғындарды және қала қонақтарын ескертулерге назар аударып, жол жабық болған жағдайда шықпауға кеңес береміз, дейді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Айдана Жүніс.


Соңғы жаңалықтар