Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жолдарды жөндеу және ұстау, көлік қозғалысы, автобус тұрақтарын көріктендіру мәселелері талқыланды.
«Бұл мақсатқа бөлінген қаражат көлемі жылдан-жылға ұлғая түсті, сол себепті қарағандылықтар нақты нәтижелерге көз жеткізуге тиіс. Ал осы жұмысқа жүйелі көзқарас жетіспейді, барлық жөндеу жұмыстарының сапасына қойылатын бақылау әлсіз», — деді облыс әкімі.
«Әрине, орталық көшелерге, алаңдар мен гүлзарларға белгілі бір дәрежеде назар аударылғанымен, қаланың аумағы осымен шектелмейді ғой», — деді Н. Нығматулин.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі қала басшылығына бірқатар тапсырмалар беріп, оларды орындайтын мерзімді белгіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті