Журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтаған әкім өзінің «журналистерге өкпе-назы жоқ екенін» атап көрсетті. Әкім «мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан көрсетіліп отырған қолдау үшін» журналистерге ризашылық білдірді.
Қарағанды облысында бүгінде құрылыс салу қарқыны арта түсті, деді әкім. Тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысының маңызы зор. Тек Қарағанды қаласының өзінде 2004-жылы 37 мың шаршы метр жоғары сапалы элиталық тұрғын үйлер салу көзделіп отыр. Сондай-ақ, Қарағанды облысында 79 мың шаршы шақырымнан астам «сақалды» құрылыс тіркелген. Олардың 15 мыңы биыл салынып бітуі тиіс.
К.Мұхамеджановтың айтуынша, байқауға облыстағы журналистер жаппай қатысады. Әкім жеңімпаз журналиске Қарағанды қаласынан жаңа тұрғын үй сыйлауға уәде берді. Жезқазған, Балхаш және Теміртау қалаларында да бас бәйгеге пәтерлер тігіліп отыр.