Қарағанды облысының билігі Қазақстанда Кәсіпкер күнін тағайындауды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының билігі Қазақстанда Кәсіпкер күнін тағайындауды ұсынуда

Қарағанды облысының билігі Қазақстанда Кәсіпкер күнін тағайындауды ұсынуда

Қазақстанда мерекелер күнтізбесінде Кәсіпкер күні пайда болса, деп Қарағанды облысының әкімі пікір білдірді.

  • 6 Маусым 2014
  • 399
Фото - Caravan.kz

Бүгін Қарағандыда жаңа қадам аттаған кәсіпкерлерге арналған семинарда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов осындай ұсыныс тастады.

«Кәсіпкерлік – бұл мамандық, жай ғана емес, ауыр мамандық. Шағын және орта бизнестің тартар жүгі көп, азаматтарды жұмысқа орналастырады, бюджетке салық төлейді, әлеуметтік жауапкершілік артады және бірқатар шараларды қаржыландырады. Сондықтан, Қазақстан күнтізбесінде кәсіпкерлердің төл мерекесінің болмауы дұрыс емес», — дейді Ә.Ахметжанов.

Ол қазіргі кезде аймақ кәсіпкерлеріне арнап жыл сайын конкурс өткізу мәселесі қаралып жатқанын атап көрсетті.

«Нұр Отан» партиясының «Мықты бизнес – қуатты мемлекет» атты жобасына сәйкес облыс әкімі түрлі номинациялар мен өлшемдер бойынша Қарағанды өлкесінің үздік кәсіпкердерін бағалайтын аймақтық ауқымда конкурс құру туралы мәселе қарастыруда, дейді Ә.Ахметжанов.

Қазір бұл мәселе жан-жақты талқылануда, келер жылы конкурс басталуы мүмкін.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының әкімдігі Қарағандының жоғары оқу орындарында «Әйел кәсіпкерлігі» жаңа пәнін енгізу туралы ұсыныс жасады.


«Таяуда жоғары оқу орындарында «әйелдер кәсіпкерлігі» атты жаңа эксперименттік пән енгізу қажет. Бейінді министрліктерге жүгініп, жастарды, әсіресе жас әйелдерді бизнеске тартуға кірісеміз», — деп Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов бүгін шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекеттік қолдау көрсету шараларын талқылауға арналған семинарда атап көрсетті.

Бұл семинарда шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін жастардың аз екені айтылды. «Жастар, әсіресе қыздар шағын және орта бизнесте саусақпен санарлық. Мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларын қабылдап отырғанымызға қарамастан, нәзік жандар бұл салаға аз тартылады», — дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төраға орынбасары Қадиша Оспанова.