Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, «облыста 1 -10 сәуір аралығында кір көліктерді жүргізуге тыйым салуға, мемлекеттік номерлерді анық көрінуіне және көлік әйнектеріндегі «тұмшалау-тонировкаларын» талаптарға сай жасауға арналған «Таза қала » акциясы жүргізіледі».
«Біздің қала Астана, Алматы қалаларынан кейін бірінші болып республикалық «Таза қала» акциясын өткізуді қолдады. Бұл акцияны өткізу барысында мемлекеттік органдардың көліктерімен қатар жеке иеліктегі көліктер де тексеріледі», — деді баспасөз қызметінде.
Акцияның бірінші күн қорытындысы бойынша Қарағанды облысында көліктердің әйнектерін қараңғылап тұмшалағаны үшін 162 көлік жүргізушісі әкімшіліктік жауапқа тартылды.
«Сондай-ақ, мемлекеттік номерлері көрінбейтін көліктерді жүргізген деректерге қатысты 26 әкімшіліктік іс толтырылды «, — деп атап өтті баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті