Қарағанды, Қызылорда облыстарында жол жабылды - ТЖК - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды, Қызылорда облыстарында жол жабылды - ТЖК

Қарағанды, Қызылорда облыстарында жол жабылды - ТЖК

Елімізде екі облыста ауа райының жайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі.

  • 29 Ақпан 2016
  • 351
Фото - Caravan.kz


Қарағанды облысында 29 ақпанда  ауа райының нашарлауына байланысты (жол бетінің ылғалды болуы) «Қызылорда-Павлодар» жолының 216-424 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ Қызылорда облысында 29 ақпанда  ауа-райының нашарлауына байланысты (жол бетінің ылғалды болуы) «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасына дейін» республикалық маңыздағы автожолы учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды (12-216 шақырымы Қызылорда қаласы — Қарағанды облысы шекарасына дейін).