Қарағанды тұрғыны банкке барып жалған доллар айырбастамақ болған
Қарағандыда банкке жалған доллар өткізбек болған әйел оқиғаның мән-жайы анықталғанша тұтқынға алынды. |
Бүгін "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаменті ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков мәлімдегендей, дүйсенбі күні 34 жастағы әйел "Қазкоммерцбанк" филиалының кассиріне айырбастау үшін 100 долларлық екі купюра берген.
"Долларды қолына алған кассир қағаз сапасының нашар екенін сезіп қалып, дабыл түймесін басқан. Күзетшілер клиентке келіп, полимция келгенше кетпеуді сұраған", - дейді ол.
Қазір полиция қызметкерлері әйел жалған ақшаны қайдан алғанын анықтауда. Тәркілеп алынған доллар қағаздары сараптамаға жіберілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін