Қарағанды және Павлодар облыстарында далалық өрттер шықты - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды және Павлодар облыстарында далалық өрттер шықты  -  ТЖМ

Қарағанды және Павлодар облыстарында далалық өрттер шықты - ТЖМ

Астана. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды және Павлодар облыстарында далалық өрттер шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.

  • 20 Қыркүйек 2007
  • 456
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, баспасөз қызмтеінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысы, Бухар-Жырау ауданында 18 қыркүйекте 12 сағат 15 минутта далалық өрттер шығып, өрт аумағы 1000 га құрады. «Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 28 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында, 18 қыркүйекте 21 сағат 09 минутта 800 га аумақта далалық өрт шықты. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, «өртті сөндіру жұмыстарына 15 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 13 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті