Жарияланды: 30

Қарағанды-Балқаш тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

Қарағанды-Балқаш тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

Қарағанды-Балқаш тасжыолндаа Lexus ES-300 пен Nissan Juke соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тапты.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.   

Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 10 тамызында Қарағанды облысының Бектау ата ауылынан 10 шақырым жерде болған. Алдын ала келіп түскен ақпараттар бойынша, Lexus ES-300 жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыстың жолына шығып, алматылық Nissan Juke көлік жүргізушісіне барып соғылған. 

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде таралған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lexus ES-300 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы және Nissan Juke көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушылары алған түрлі жарақаттан оқиға орнында жан тапсырды. Nissan Juke-тың екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть