«Қарағанды-Балқаш» және «Астана-Қорғалжын» жолдарында көлік қозғалысы жанданды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қарағанды-Балқаш» және «Астана-Қорғалжын» жолдарында көлік қозғалысы жанданды

«Қарағанды-Балқаш» және «Астана-Қорғалжын» жолдарында көлік қозғалысы жанданды

«Қарағанды-Балқаш» және «Астана-Қорғалжын» жолдарында көлік қозғалысы жанданды. Сонымен қатар, басқа республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 468
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында 12 қаңтардан бері «Үшарал-Достық» жолының 0-184 шақырымы аралығында жол жабық.

Сонымен қатар кешеден бастап «Алматы-Өскемен» жолының 558-615 шақырымындағы «Үшарал-Шығыс Қазақстан обл. шекарасы» учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында 15 қаңтардағы сағат 16.00 бастап «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» жолының 15-191 шақырымындағы «Белоусовка а.-РФ шекарасы» аралығында да жол жабылды.

15 қаңтардағы сағат 12.30 бастап «Алматы-Өскемен» жолының 615-775 шақырымындағы «Алматы обл. шекарасы-Аягөз» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Ал бүгін осы өңірде сағат 09.45 бастап «Өскемен-Шемонайха-РФ шекара» жолының 32-123 шақырымындағы «Предгорное-РФ шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

16 қаңтарда сағат 18.00 бері «Өскемен-Зырян-Катон Қарағай» жолының 174-337 шақырымындағы «Зырян-Катон-Қарағай» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Соынмен қатар бүгін осы уақытта «Семей-Новоалтайский-РФ» жолының 2-113 шақырымындағы «Семей-РФ шекарасы» аралығында да жол жабылды.

Қарағанды облысы бойынша 15 қаңтардағы сағат 12.30 бері «Қызылорда-Павлодар» жолының 433-749 шақырымындағы «Жезқазған-Атасу» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

16 қаңтардағы сағат 13.30 бастап «Екатеринбург-Алматы» жолының 1492-1858 шақырымындағы «Қарағанды-Балқаш» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. 16 қаңтарда сағат 17.20 шектеу алынды.

16 қаңтардағы сағат 13.30 бері «Қызылорда-Павлодар» жолының 992-1135 шақырымындағы «Қарағанды-Павлодар обл.» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

16 қаңтардағы сағат 14.50 бастап «Екатеринбург-Алматы» жолының 1353-1444 шақырымындағы «Ақмола обл.-Теміртау қ.» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

16 қаңтарда түстен кейін «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолының 17-320 шақырымындағы «Қарағанды-Шығыс Қазақстан обл» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Павлодар облысы бойынша, 16 қаңтардағы сағат 12.30 бастап боранға байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 205-259 шақырымдары — «Шідерті-Ақмола обл.» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

16 қаңтардағы сағат 15.00 бастап «Қызылорда-Павлодар» а/ж 1135-1383 шақырыммдары — «Павлодар обл-Қарағанды обл.» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

16 қаңтарда сағат 15.00 бері «Павлодар-Шербақты-РФ» жолының 79-112 шақырымындағы «Шарбақты-РФ» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

16 қаңтарда сағат 18.30 бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты «Ульяновский-Керней-Баянауыл-Майқайың-Қалқаман» жолының 93-324 шақырымындағы «Қалқаман-Қарағанды облысы» аралығында да көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.

Ақмола облысы өңірінде 16 қаңтарда сағат 14.40 бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-205 шақырымындағы «Астана қ.-Павлодар обл» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Бұдан бөлек бүгін сағат 14.40 бастап қолайсыз ауа райына байланысты «Астана-Қорғалжын» а/ж 19-180 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын. Сағат 18.15 бастап бұл жол ашылды.