Жарияланды: 30

Қарағандыда 16 жастағы кондуктор жолаушыны ұрып-соқты

Қарағандыда 16 жастағы кондуктор жолаушыны ұрып-соқты

Қарағандыда ашуға булыққан 16 жастағы кондуктор жолаушыны ұрып-соқты.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. і.

Кондуктор мен жолаушы арасындағы дау аялдама жақта болған. Куәгерлердің айтуынша, 16 жастағы жігіт жолаушының басынан бірнеше рет ұрып жіберген. Нәтижесінде оның басынан қан кетіп, куәгерлер жедел жәрдемді шақырған. Сондай-ақ, оқиға орнына полицейлер келіп, күдіктіні ұстаған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 жастағы кондуктор мен 28 жастағы жолаушы арасында болған дау бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдағы уақытта тергеу барысныда даудың мән-жайы анықталады. Зардап шеккен ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бірақ ол ауруханаға жатқызылған жоқ. Сондай-ақ, баспасөз қызметінің өкілдері зардап шеккен 28 жастағы ер адамның Астана тұрғыны екенін айтып өтті.
 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін