Қарағандыда 5 адам далада адасып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда 5 адам далада адасып кеткен

Қарағандыда 5 адам далада адасып кеткен

20 қаңтар күні Қарағанды облысы Абай ауданында төрт балықшы балық аулауға шығып, адасып кеткен. Жоғалған балықшыларды іздеуге Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің 6 құтқарушысы мен 3 арнайы теxникасы жұмылдырылған. Құтқарушылар адасқан тұрғындарды бір тәуліктен кейін 21 қаңтар күні 16 сағат 55 минутта Сасықкөл көлінен солтүстік шығысқа қарай 2 шақырым қашықтықтан тапқан.

«Екінші іздеу-құтқару шарасы Ұлытау ауданында өтті. 22 қаңтар күні 04:00 сағатта кезекші бө

  • 22 Қаңтар 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz

«Екінші іздеу-құтқару шарасы Ұлытау ауданында өтті. 22 қаңтар күні 04:00 сағатта кезекші бөлімге ер адам xабарласып, адасып кеткенін айтқан. 1968 жылы туылған ер адам қыстақтан шығып, Жезді елді мекеніне бағыт алған. Алайда адасып кеткен. Құтқарушылар сол күні 08:55 минутта ер адамды қыстақтан 10 шақырым қашықтықтан тапты», — дейді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Оның айтуынша, құтқарылған адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, олар медициналық көмекке жүгінбеген.

«Балық аулауға шығарда, не болмаса үйден кетерде туғандарыңыз бен жақындарыңызға ескертуді ұмытпаңыз. Балық аулауға қай жаққа бара жатқаныңызды және қай уақытта қайтып оралуды жоспарлайтыңызды айтыңыз. Бұл ақпараттар қандай да бір жағдай орын алған уақытта көмегі тиеді», — дейді Жанна Дәуренбекова.


Соңғы жаңалықтар