Қарағандыда алып байрақ желбіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда алып байрақ желбіреді

Қарағандыда алып байрақ желбіреді

Бүгін мемлекеттік рәміздер күні. Осы күні Қарағандыда еңсесі биік көк байрақ желбіреді. Құрылысы былтырдан бері жүрген тутұғырдың ашылу салтанатына жұрт көп жиналған. 

  • 5 Маусым 2014
  • 258
Фото - Caravan.kz

Тутұғырдың биіктігі 91 метр болса, байрақтың ұзындығы 20, ені 10 метр. Оны жасауға қазынадан 190 миллион теңге бөлінген. Туды бұлай асқақтатқан, әрине, жақсы. Бірақ оған жұмсалған 190 миллион теңге аз қаржы емес. Алайда жергілікті әкімдіктегілер ақша осы нысанның айналасын абаттандыруға да жұмсалады деп отыр. Ал жиналған жұрт төл байрағымыздың осылай биікте желбірегеніне дән риза. Тіпті кейбірінің аяқ астына шабыты оянды. 


Ержан Смайылов, Қарағанды қаласының тұрғыны : 

-Арманы едің Алашымның ежелден,

Бердік орын қаламыздың төрінен.

Салтанатпен бой көтердің көгімнен.

«Оян, Қазақ» деп тұрғандай жол сілтеп,

Мәңгілік ел қуат алар өзіңнен