Қарағандыда анасы мен қызы өлі табылды: қылмыстық іс жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда анасы мен қызы өлі табылды: қылмыстық іс жабылды

Қарағандыда анасы мен қызы өлі табылды: қылмыстық іс жабылды

 

  • 27 Қаңтар 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Қарағанды полициясы Екатерина Шпаковская мен оның жеті жасар қызы Софияның өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты, — деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Сот-медициналық сараптамасы барысында әйел мен қыздан дене жарақаты анықталмады. Жүргізілген тергеу-жедел іс-шарасы кісі өлтіру болмағанын анықтады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылды", — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мамандардың өлімнің нақты себебін анықтай алмағаны белгілі болды.


Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда әйел мен оның 7 жасар қызының денесін орман алқабынан табылғаны хабарланған болатын. Анасы мен қызы орманда қанша уақыт жатқаны белгісіз.

Соңғы жаңалықтар