Мына әлсіреген аққуды тұрғындар бұлақтың басынан тауып алған. Ол судың маңындағы темір сымдарына шырмалып қалған екен. Бұлқынғаннан қатты әлсіреп, екі күн бойы тұрғындардың бірінің гаражында күнелткен. Қолдан нәр татпай қойғасын ақыры ол хайуанаттар бағынан мекен тапты. Зоологтар аққудың көгілдірі әзірге жаңа орынды жатырқап жатыр дейді. Себебі берген асты да дұрыс ішпей, екі шоқып бір қарайды. Кафель төселген еденде жүре алмай да әуреге түсіп жүр екен.
Светлана Пилюк, Қарағанды хайуанаттар бағынының қызметкері:
-Құстың қазіргі жағдайы онша емес. Арып ашқан, әлсіреген. Бағып қақсақ қатарға қосылады. Біз осындай халде келген 20 шақты аққуды аман алып қалғанбыз.