Қарағандыда аттракционда арқанмен секірген әйел көз жұмды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда аттракционда арқанмен секірген әйел көз жұмды (ВИДЕО)

Қарағандыда аттракционда арқанмен секірген әйел көз жұмды (ВИДЕО)

Ол өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізілді.

  • 11 Қазан 2021
  • 965
Фото - Caravan.kz

Қарағандыда 25 метр биіктіктен "тарзанкадан" секірген әйел көз жұмды деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі ekaraganda.kz парақшасында жарияланды.

Қайғылы жағдай "Созвездие" қонақ үйінің аумағында болған. Аттракцион мейманхананың шатырында орнатылған. 33 жастағы әйел 25 метр биіктіктен секіріп, жердегі бетон конструкцияға соғылған. Ол өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізілді.

"Науқасқа тез арада операция керек болды. Әйелдің басындағы гематомаларды жою үшін бас сүйегіне ота жасалды. Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды", — деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар