Қарағандыда ауа райы жағдайына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда ауа райы жағдайына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қарағандыда ауа райы жағдайына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қарағанды. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда ауа райы жағдайына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД жол полициясы басқармасынан хабарлады.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 527
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта Қарағандыда және облыста күн райы бұзылды. Боран соғып, айналаны көру нашарлап, ауа температурасы 6 градус нөлден төмендеді.

Жол полициясы хабарлағандай, қазір тек республикалық маңызы бар жолдар жабылған. Серіктес қалалар мен жақын маңдағы елді мекендерге сапарға шығуға мүмкіндік бар. Алайда, бұл жолдардың да жабылуы ғажап емес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті